Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
АЛО-ның негізгі мақсаты – пациенттерді қажетті дәрілік препараттармен уақытылы, үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, аурулардың асқынуының алдын алу және емнің тиімділігін арттыру.
Емханада АЛО жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
* пациенттердің қажеттілігіне сәйкес дәрілік заттарға жылдық және қосымша өтінімдерді қалыптастыру;
* EFIS ақпараттық жүйесінде өтінімдерді уақытылы енгізу;
* Бірыңғай дистрибьютордан келіп түскен дәрілік заттарды қабылдау;
* дәрілік заттарды сақтау талаптарын сақтау (температуралық режим, жарамдылық мерзімі, FEFO қағидаты);
* дәрілік заттардың қалдықтарына тұрақты мониторинг жүргізу;
* пациенттерді электрондық рецепттер негізінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
* есептілік пен құжаттаманы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүргізу.
Провизордың негізгі міндеттері:
* дәрілік заттарға қажеттілікті дұрыс жоспарлау;
* дәрілік заттарды қабылдау және сақтау сапасын бақылау;
* қалдықтарды күнделікті бақылау және тапшылықтың алдын алу;
* жарамдылық мерзімін қадағалау;
* бөлімше қызметкерлерімен және дәрігерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
* АЛО бойынша айлық және тоқсандық есептерді дайындау.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
АЛО-ның негізгі мақсаты – пациенттерді қажетті дәрілік препараттармен уақытылы, үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, аурулардың асқынуының алдын алу және емнің тиімділігін арттыру.
Емханада АЛО жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
* пациенттердің қажеттілігіне сәйкес дәрілік заттарға жылдық және қосымша өтінімдерді қалыптастыру;
* EFIS ақпараттық жүйесінде өтінімдерді уақытылы енгізу;
* Бірыңғай дистрибьютордан келіп түскен дәрілік заттарды қабылдау;
* дәрілік заттарды сақтау талаптарын сақтау (температуралық режим, жарамдылық мерзімі, FEFO қағидаты);
* дәрілік заттардың қалдықтарына тұрақты мониторинг жүргізу;
* пациенттерді электрондық рецепттер негізінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
* есептілік пен құжаттаманы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүргізу.
Емхана дәріханасында 1 провизор және 1 фармацевт қызмет атқарады.
Провизордың негізгі міндеттері:
* дәрілік заттарға қажеттілікті дұрыс жоспарлау;
* EFIS жүйесінде өтінімдерді қалыптастыру және бақылау;
* Бірыңғай дистрибьютордан келіп түскен дәрілік заттарды қабылдау;
* дәрілік заттарды сақтау жағдайларын бақылау;
* дәрілік заттардың қалдықтарын күнделікті бақылау және тапшылықтың алдын алу;
* жарамдылық мерзімдерін қадағалау;
* бөлімшелерді дәрілік заттармен уақытылы қамтамасыз ету;
* айлық, тоқсандық және жылдық есептерді дайындау.
Фармацевттің негізгі міндеттері:
* дәрілік заттарды қабылдау, орналастыру және сақтау;
* дәрілік заттарды бөлімшелерге және пациенттерге электрондық рецепт негізінде босату;
* дәрілік заттардың қалдықтары мен жарамдылық мерзімдерін күнделікті бақылау;
* қоймадағы тәртіпті сақтау және құжаттарды ресімдеуге қатысу;
* провизордың бақылауымен дәріхананың күнделікті жұмысын қамтамасыз ету.
